ОББ Американың Сирия дағдарысындағы рөлін мойындады
(last modified Mon, 26 Dec 2016 15:30:38 GMT )
Жел 26, 2016 21:30 Asia/Almaty
  • ОББ Американың Сирия дағдарысындағы рөлін мойындады

АҚШ Орталық Барлау Басқармасының төрағасы осы елдің Сирия дағадарысында рөл атқарғанын мойындады.

"Пресс ТВ" арнасының хабарлауынша, АҚШ Орталық Барлау Басқармасының төрағасы Джон Бернан Вашингтонның Сирия дағадарысында рөлі бар екенін мойындап, лаңкестердің Алеппо қаласындағы Сирия армиясынан жеңілісі туралы алаңдаушылық білдірді.

АҚШ Орталық Барлау Басқармасының төрағасы Вашингтонның Сирия үкіметіне қарсылас қарулы топтардың жеңісі туралы үмітттерінің үмітсіздікке айналғанына сілтеме жасап: «Бұған бей-жай қарап отыруға болмайды, өйткені Вашингтон Сирия дағдарысында негізгі тараптардың бірі еді. Қарулы бүлікшілердің Алепподағы жеңілісі Сирия үкіметіне қарсы бүлікші топтардың өмірінің аяқталғанын білдірмейді.

Америка өзінің әскери күш-қуатына қарамастан бір елдің (Сирия) өзгерістерінде ықпалға ие бола алмады» деп мойындады.