АҚШ Тәжікстандағы азаматтарына тағы ескерту жасады
(last modified Tue, 27 Dec 2016 07:53:29 GMT )
Жел 27, 2016 13:53 Asia/Almaty
  • АҚШ Тәжікстандағы азаматтарына тағы ескерту жасады

Тәжікстандағы АҚШ елшісі сол елдегі өз азаматтарына лаңкестік шабуылдың орын алуы туралы тағы ескерту жасады.

Иран Телерадиосы шетелдік торабының тәжік тіліндегі радиосының мәліметі бойынша, Тәжікстандағы АҚШ елшілігі өткен қараша айында сол елдегі өз азаматтарына Бадахшан облысы мен Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас басқа аймақтарына сапар шекпеуге кеңес берген болатын. АҚШ елшілігі мәлімдеме жариялап, Анкара мен Стамбулда лаңкестік әрекеттердің қайталануы мен сондай оқиғалардың Тәжікстанда орын алу ықтималдығына байланысты америкалық азаматтарға қауіпсіздікке қатысты ескертулерге шынайы көңіл бөлуді сұрады.

Тәжікстанның саяси және қауіпсіздік басшылары АҚШ елшілігінің ескертулеріне реакция білдіріп, Тәжікстанда лаңкестік әрекеттің орын алу ықтималын негізсіз деп атап: «Бұл елде шетелдік азаматтар мен туристердің  қауіпсіздігіне қатер төндіретін қоқан-лоққы жоқ»,- деп қуаттады.