Нетаньяху АҚШ Мемлекеттік хатшысының Израиль жайлы сөздерін сынады
Сионистік режимнің Премьер-министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Израиль жайлы сөздеріне реакция білдіріп, бұл сөздерді біржақты әрі Израильдің мүддесіне қайшы деп атады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеме жариялап: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің сәрсенбі күнгі сөздері ол қолдаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары сияқты қате»,-деді.
Осы мәлімдеме бойынша Джон Керри сионистік қалашықтар салу ісіне баса көңіл бөлуде.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәрсенбі күні баспасөз конференциясында сионистік режим қайраткерлерінің, соның ішінде Нетаньяхудың жуырдағы ұстанымдарын сынап: «Палестина жерінде қалашықтар салу халықаралық заңдарды бұзу болып табылады»,-деді.
Керри АҚШ-тың Израильге жан-жақты көмек көрсететіндігіне тоқталмастан: «Сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтардың жерлерін жаулап алу үшін ауқымды жобаны жүзеге асыра бастады»,-деп баса айтты.