Түркия полициясының «Заман» газетінің жақтастарына жасаған шабуылында бір ресейлік тілші жараланды
Ресейдің «Russia Today» ақпарат арнасының тілшісі Пола Слиер Түркия полициясының Стамбұлда «Заман» газеті кеңсесі алдында жиналған шерушілерді тарату амалы барысында жарақат алды.
«Russia Today» ақпарат арнасының жексенбі күнгі хабарлауынша, осы ақпарат арнасының бір тілшісі Стамбұлда «Заман» газеті жақтастарының шеруін тікелей эфирден тарату барысында Түркия полициясының шерушілерге шабуылы салдарынан зақымданған. Тілшінің жағдайы жайы әлі ақпарат жарияланған жоқ.
Түркия соты жұма күні Стамбұлда «Заман» газеті «Хизмет» қозғалысының жетекшісі әрі Түркия Президентіне қарсылардың бірі Фетхулла Гюленмен байланыста деген үкім шығарып, бұл газетті басқаруды үкіметке жақын адамдарға тапсырды.
Жұма күні түнде жаңа басшылар «Заман» газетін өз бақылауына алған кезде осы басылымның жақтастары орталық кеңсенің алдына жиналып, қызметкерлер кеңседен шығудан бас тартқан.
Түркия полициясы көзден жас ағызатын газ атып, су шашатын машиналарды пайдалану арқылы шерушілерді тарқатуға тырысты. Әрекеттердің барысында «Заман» газеті жақтастарының бірнешеуін қамауға алды.