Путин Грекия және Мысыр басшыларымен Сирияның жағдайы туралы келіссөз жүргізді
(last modified Fri, 30 Dec 2016 04:23:40 GMT )
Жел 30, 2016 10:23 Asia/Almaty
  • Путин Грекия және Мысыр басшыларымен Сирияның жағдайы туралы келіссөз жүргізді

Ресей президенті өзінің мысырлық әріптесімен және Грекия премьер- министрімен Сириядағы жағдай туралы телефон арқылы сұхбаттасты.

Кремль сарайы Ресей президенті Владимир Путиннің Мысыр президенті Абдолфаттах әс- Сиси және Грекия премьер-министрі Алексис Ципраспен телефон арқылы сұхбатында түрлі тақырыптар, соның ішінде Сирияның жағдайы туралы келіссөз жүргізгенін хабарлады.

Осы мәлімет бойынша Сирия жөнінде ұқсас тұрғыларға ие Путин мен әс- Сиси Сирия мен Ливия өзгерістері туралы сұхбаттасқан.

Каир Сауда Арабиясы мен Парсы Шығанағы өңіріндегі өзге араб елдерінің пікіріне қайшы Сирия дағдарысының шешім жолын саяси деп санайды.

Сондай-ақ ресейлік ұшақтың Синай түбегіне  құлауы оқиғасынан кейін тоқтап қалған Ресей мен Мысыр арасындағы рейстер жолға қойылады деп хабарланды.

Владимир Путин сондай- ақ Грекия премьер- министрі Алексис Ципраспен де Сирия мәселелерін талқыға салып, сұхбаттасты.

Осы сұхбатта екі тарап Сирия дағдарысын сириялық топтар арасындағы саяси келіссөздер арқылы шешуді қуаттады.