Зариф пен Лавров Сирияда ымыра орнатуды қолдады
(last modified Fri, 30 Dec 2016 12:33:39 GMT )
Жел 30, 2016 18:33 Asia/Almaty
  • Зариф пен Лавров Сирияда ымыра орнатуды қолдады

Иран ислам республикасы мен Ресей Сыртқы істер министрлері Сирияда ымыра орнатуды қолдады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбатта Сириядағы соңғы өзгерістер туралы сөйлесіп, ой бөлісті.

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Иран, Ресей және Түркияның үш жақты ынтымақтастығы шеңберінде Сирия үкіметі және оның қарсыластары арасында Қазақстанның елордасы Астанада келіссөздер өткізу үшін үйлесімділік жасауға және толассыз кеңесуге келісті.

Сирия армиясы мен қарулы күштерінің бас штабы бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, 30 желтоқсан бейсенбі күннің алғашқы сағаттарынан осы елдегі барлық әскери шаралардың тоқтатылатындығына сілтеме жасап, ДАИШ пен "ән- Носрат майданы" лаңкестік топтары мен соларға қарасты барлық топтардың атысты тоқтату келісіміне кірмейтінін мәлімдеді.

Сирия армиясы мен қарулы күштерінің бас штабы осы елде атысты тоқтатудың мақсатын Сирия дағдарысын шешу үшін саяси шешім жолын қолдау үшін алғышарт әзірлеу екенін қуаттады.