Ресей мен Қазақстан президенттері Сирияның бейбітшілік келіссөздері туралы кеңесті
https://itolqyn.com/news/world-i22096
Кремль сарайы мәлімдеме жариялап, Ресей мен Қазақстан басшыларының алдағы Сирияның бейбітшілік келіссөздері туралы кеңескенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 31, 2016 19:14 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қазақстан президенттері Сирияның бейбітшілік келіссөздері туралы кеңесті

Кремль сарайы мәлімдеме жариялап, Ресей мен Қазақстан басшыларының алдағы Сирияның бейбітшілік келіссөздері туралы кеңескенін хабарлады.

"Мехр" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің жұма күнгі мәлімдемесінде: "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Сирия дағдарысын шешу туралы Астана келіссөздеріне қатысты мәселелер туралы кеңесті" деп жазды.

Ресей президенті бейсенбі күні: "Теһран, Мәскеу мен Анкараның жақындасуы Сирияда бітім орнату келісімінің жасалуына себеп болды. Үш ел ұжымдасқан түрде оның жүзеге асырылуының кепілдігін өз мойнына алды" деп мәлімдеді.

Осындай жағдайда "әл-Джазира" ақпарат арнасы Түркия мен Ресейдің жуырдағы Сириядағы келісімді Қауіпсіздік кеңесіне ұсынғанын көрсететін құжаттарға қол жеткізгенін хабарлады.

"Әл-Джазираның" уәждеріне сәйкес, Сирия үкіметі ағымдағы айдың соңына дейін өз делегациясын құрып, таныстыруы керек. Қарсыластар да қаңтар айының он бесіне дейін өздерің тобын құруы қажет.

Қаңтар айының жиырма үшінен басталатын Астана келіссөздері "Женева-1" келісімі негізінде өткізіледі.