Индонезияда жолаушы кемесінде өрт апаты болды
https://itolqyn.com/news/world-i22429-Индонезияда_жолаушы_кемесінде_өрт_апаты_болды
Индонезия астанасының маңында бір жолаушы кемесінде болған өрт апатынан 23 адам қаза болып, кем дегенде 17 кісі жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 01, 2017 23:07 Asia/Almaty
  • Индонезияда жолаушы кемесінде өрт апаты болды

Индонезия астанасының маңында бір жолаушы кемесінде болған өрт апатынан 23 адам қаза болып, кем дегенде 17 кісі жараланды.

Кеме жаңа жылдың алғашқы күні Джакартаның солтүстігінде орналасқан "Мың арал" серуендеу аймағына аттанған болатын. Алайда теңіз айлағынан жолға шыққаннан шамамен 20 минуттан кейін кеме өртенді. Кемедегі 17 жолаушы хабар-ошарсыз кетті.

"Мың арал" Джакарта шығанағының батыс маңындағы аралдар кешені болып табылады. Ол жерде әсем жағалаулар, су үстіне салынған қонақ үйлер мен басқа да  серуен орындары бар.