Түркіменстан Иранға газ экспортын тоқтатты
(last modified Mon, 02 Jan 2017 11:04:03 GMT )
Қаң 02, 2017 17:04 Asia/Almaty
  • Түркіменстан Иранға газ экспортын тоқтатты

Иранның Ұлттық газ компаниясы: «Оқтын-оқтын келісімшарт қағидалары мен көршілестікке қайшы келетін әрекеттерге баратын Түркіменстан үкіметі Иранға газ жіберуді тоқтатты»,- деп хабарлады.

Мұнай және энергетика ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ұлтттық газ компаниясы өз мәлімдемесінде: «Қыс маусымы басталған кезде даулы соманы тездетіп алу үшін «ТүркіменГаз» компаниясы күтпеген жерден келісімшартқа қайшы әрекет жасап, жексенбі күні таңертең Иранға газ жіберуді тоқтатты»,- деп хабарлады.

Аталмыш мәлімдеге сәйкес, «ТүркіменГаз» компаниясының бұл әрекеті аталмыш компания мен Иранның Ұлттық газ компаниясы арасындағы келісімшартқа қайшы келеді. Сондықтан ИИР өзінің заңды ұстанымына табандылық танытып отыр.

Түркіменстанның Иранға газ экспортын тоқтату түріндегі ақылға қонбайтын әрі екіжақты міндеттемелерге қайшы әрекеті Түркіменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтің жұма күні газ саласында Иранмен жаңа келісімге қол қоюымен тұспа-тұс келіп отыр. Жаңа келісім бойынша Түркіменстан Иранға газ экспортын  жалғастыруы тиіс.