Сионистік режимнің Бокохарам лаңкестік тобына қару-жарақпен көмектескені әшкереленді
Нигерия көздері сионистік режимнің Бокохарам лаңкестік тобына қару-жарақпен көмектескенін әшкере етті.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Нигерияның ғаламтор базаларының бірі сейсенбі күнгі өз мәлімдемесінде: «Нигерия армиясы бұл елдің солтүстік-шығысындағы ормандарда Бокохарам лаңкестік тобының базасынан 10 мың қару, соның ішінде граната атқыш пен сионистік режимнің 302 М зымырандарын тапты» деп жазды.
Осы мәлімет бойынша Нигерияның қауіпсіздік саласы басшыларының зерттеулері бұл қарулардың сионистік режим тарапынан тікелей Бокохарам лаңкестік тобына жіберілгенін көрсетті.
Бокохарам лаңкестік тобының мүшелері 2009-шы жылдан бері Нигерияның солтүстігінде экстремистік халифат орнату мақсатында қолдарына қару алып, Нигер, Чад және Солтүстік Камерунға шабуылдарын арттырды. Өткен жеті жылда Бокохарам лаңкестік тобы Нигерия, Камерун, Нигер және Чад елдерінде шамамен 15 000 адамды өлтіріп, 2 миллионнан астам адамды босқынға айналдырды.