Қаң 05, 2017 20:46 Asia/Almaty
  • Америка полициясы қара нәсілді екі жасөспірімге қатыгез әрекет  көрсетті

Америка полициясының қара нәсілді екі жасөспірім қызға қатыгез әрекет көрсетуі және оның әлеуметтік желілерде таратылуы Америкада жанжал тудырды.

CNN телеарнасы Американың Филадельфия қаласында бір полиция офицерінің бір топ жасөспірімге шабуыл жасап, 16 жастағы бір қара нәсілді жасөспірім қызды соққыға жыққанын хабарлады.

Солтүстік Каролинада да Америка полициясының бір офицері бір қара нәсілді жасөспірім қызды соққыға жықты.

Осы мәлімет бойынша осындай қатаң мінез көрсеткен екі полиция офицері қызметтен шығарылатын болды.

Сондай- ақ америкалық ақпарат құралдары Индиана штатына қарасты Индианаполис қаласында бір ресторанға жасалған қарулы шабуыл барысында иорданиялық екі жігіт қаза болды деп мәлімдеді.

Америкалық қайраткерлер оқиға туралы тергеуді және қарулы кісілерді ұстау үшін іздеу амалдарын бастады.

Вашингтондағы Иордания елшілігі америкалық қайраткерлермен байланыста екендіктерін және осы қылмыс себепкерлерін анықтау мен ұстау үшін тергеу амалдарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

 

 

Тегтер