Джон Керри "Ортақ қадам" келісімінің күшін жою ықтималы туралы ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i22798-Джон_Керри_Ортақ_қадам_келісімінің_күшін_жою_ықтималы_туралы_ескерту_жасады
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Иранмен ядролық келісімнің күшін жоюдың кері салдарлары туралы ескерту жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 07, 2017 23:10 Asia/Almaty
  • Джон Керри

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Иранмен ядролық келісімнің күшін жоюдың кері салдарлары туралы ескерту жасады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри жұма күні Американың "CBS" арнасына берген сұхбатында: «АҚШ президенті Барак Обаманың кезеңінде Иранмен ядролық келісім туралы қол жеткізілген нәрсе құндылықтардың қатарына жатады және сақталуы керек. Американың келесі президенті Дональд Трамп осы мәселелерді сезе алатындай әлі шындықтармен бетпе-бет келген жоқ» деді.

Джон Керри  Трамп үкіметінің Иранмен ядролық келісімнен кері шегіну ықтималының салдарлары туралы: «Оның ең аз салдары Американың халықаралық беделінің төмендеуі мен осы елдің оқшаулануы болып табылады.

Осы келісімнен кері шегіну келісімге жету жолында шынайы талпыныс жасаған Американың одақтастары үшін күдік- күмән тудырады» деді.