Қаң 09, 2017 21:27 Asia/Almaty
  • Астанада өтетін Сирия бітім келіссөздеріне Қытайдың өкілі де қатысады

Қытай қаңтар айының аяқ шенінде Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөздерге қатысу үшін өз өкілін аттандыруды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді.

Қытайдың Сирия ісі бойынша арнайы өкілі өткен аптада Женевада БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі өкілі Стаффан де Мистурамен сұхбаттасты. Екі тарап Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Сирия бейбітшілік отырысын оң және аса маңызды деп сипаттады. Олар сондай- ақ Қытай мен БҰҰ-ның Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты күшейтіп, ымыраны алға ілгерілету бағытындағы кез-келген шараны қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Бейжің үкіметі Сириямен қарсылас бірнеше елдің қолдауына ие болып отырған кейбір қарулы топтардың кедергі келтіруіне алаңдап отыр. Қарулы топтар жеті айдан бері Женевадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінің тоқтап қалуына себеп болды.

 

 

Тегтер