Ресей Сирияға қатысты Қауіпсіздік Кеңесін сынады
БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мүшелерінің Сириядағы қақтығыстарды одан әрі өршітіп отырғанын айтып:
"Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мүшелері соғысты доғарудың орнына Сирия президенті Башар Асадтың үкіметін құлатуды мақсат етіп отыр. Осы кеңестің кейбір мүшелері Сирияда соғыстың басталуында рөл атқарып, соғыс отын одан әрі лаулатып отыр. Қиыншылықтарға қарамастан 2016 жылдың аяқ шенінде оң шешім жолдары ұсынылып, Алепподағы жағдайды жақсарту үшін №2328 және №2336 қарарлар бекітілді» деді.
ДАИШ лаңкестік тобы соңғы жылдары Америка мен оның батыстық және араб одақтастарының қаржылай және әскери демеушіліктерімен аймақ елдерінде, әсіресе Ирак пен Сирияда көптеген қылмыстар жасады.