Обама үкіметінің сегіз жылдағы жетістіктері мен сәтсіздіктерін баяндады
(last modified Wed, 11 Jan 2017 11:18:29 GMT )
Қаң 11, 2017 17:18 Asia/Almaty
  • Обама үкіметінің сегіз жылдағы жетістіктері мен сәтсіздіктерін баяндады

Барак Обама АҚШ Президенті ретінде сөйлеген соңғы сөзінде өзінің сегіз жылдық президенттігі кезіндегі жетістіктеріне тоқталып, бұл елдің келешек дағдарыстарынаа қатысты ескерту жасады.

Ол экономикалық жағдайдың жақсаруы мен Иранмен жасалған ядролық келісімді, Кубамен татуласуды, Бен Ладенді өлтіруді өз үкіметінің үлкен жетістіктері деп атады. Ол жік салу мен кемсітушілік пен қоғамдық теңсіздіктер мен АҚШ-тағы білім және медицина жүйелерінің әлсіздігін сегіз жылдық билігінің сәтсіздіктері деп атады.

Барак Обаманың сегіз жылдық президенттік кезеңі АҚШ пен әлем халқы үшін  шарықтаулар мен құлдырауларға толы болды. Ол АҚШ билігін қолына алған кезде бұл мемлекет 1929-ші жылдағы үлкен тоқыраудан кейін қайталанған экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп, АҚШ күштері Ауғанстан мен Ирак соғысына шырмалаған еді. АҚШ қоғамы жұмыссыздық, қаржы дағдарысы мен табыстардың терең алшақтығы мен қоғамдық теңсіздіктерге тірелген болатын. Сондай жағдайда Барак Обама «Өзгеріс!» және «Біз жасай аламыз!» деген ұрандарымен АҚШ халқының өзгерістер толқынын пайдаланып, Ақ Үйге аяқ басты. Міне, сегіз жылдан кейін Барак Обаманың президенттік кезеңі аяқталды. Экономика саласында Обама экномикалық дағдарысты бәсеңдетіп, бұдан артық тоқырауға тсоқауыл қойды. Алайда оның ақша-кредит саясаттары федералдық үкіметтің қарыздарын екі есе арттырып, бюджет тапшылығы АҚШ тарихында федералдық үкіметтің екінші демалысына себеп болды. Сонымен бірге соңғы жарты ғасырдағы АҚШ-тың ең үлкен қоғамдық реформасы саналған «Обамакер» деп аталған арзан медициналық сақтандыру  заңын бекіткенімен, Обама іс жүзінде АҚШ қоғамына бұл заңның пайдасын көргізе алмады. Обаманың сегіз жылдық президенттік кезеңінде кіріс айырмашылықтары артып, нәсілдік кемсітушіліктер бұрынғысынан асып түсті. Атыс сынды көшедегі зорлық-зомбылықтар да көбейді. Кірістерді әділетсіз бөлу, ыстық қаруды асыра пайдалану, нәсілдік кемсітушілік мәселесі, мигранттарға қатысты заңдарды өзгерту Обаманың сәтсіздіктері  саналады. Сыртқы саясат саласында да Обама үкіметі көптеген табыстар мен қатар сәтсіздіктермен кезікті. Обама өз үкіметінің табыстары ретінде атаған Иранның ядролық келісімі, Кубамен татуласу және Бен Ладенды өлтірумен бірге АҚШ өткен сегіз жылда көптеген сәтсіздіктерге де тап болды. Мәселен, Вашингтон мен Мәскеу арасында бұрын-сонды болмаған қайшылық, лаңкестік қоқан-лоққыларға қарсы әлсіздігі, сонымен бірге ДАИШ тобының құрылуын айтуға болады. Президенттік міндетінің алғашқы айларында Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болған Обама сегіз жылдың ішінде соғысқұмар милитаристік саясаттарын өзгерте алмады.

Қорыта айтқанда Обаманың сәтсіздіктері табыстарынан артық деуге болады. Өйткені, кері жағдайда АҚШ халқы жақында өткен президенттік сайлауда Обаманың жолын жалғастыратын Хиллари Клинтонға дауыс беріп, Дональд Трамп сынды адамды сайламайтын еді.