Малайзия өнеркәсіп конфедерациясы Иранның экономикасы туралы форум өткізді
Қаң 12, 2017 22:54 Asia/Almaty
Малайзияның өнеркәсіп конфедерациясы Иранның экономикасына инвестиция салу және бизнестің мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында форум өткізді.
Форумда мамандар мен экономика саласының белсенділері ынтымақтастық жасау үшін екі елдің мүмкіндіктері мен банк саласындағы әріптестік жолдарына және бірлесіп инвестиция салу негіздерін қарастырды. Малайзиядағы Иран елшісі Марзия Афхам жақын болашақта екі елдің экономикалық ортақ комиссиясының құрылатынын хабарлады. Малайзияның өнеркәсіп конфедерациясына 2800-ден астам компания мүше. Осы компаниялар сол елдің өнеркәсіп пен қызмет саласында белсенділік танытуда.
Тегтер