Флинның Вашингтондағы Ресей елшісімен телефон арқылы сөйлескені белгілі болды
(last modified Sat, 14 Jan 2017 16:17:00 GMT )
Қаң 14, 2017 22:17 Asia/Almaty
  • Флинның Вашингтондағы Ресей елшісімен телефон арқылы сөйлескені белгілі болды

Американың келесі үкіметінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі лауазымына үміткерінің Вашингтондағы Ресей елшісімен телефон арқылы сөйлескені әшкере болды.

«Reuters» ақпарат агенттігі білікті дереккөздеріне сілтеме жасап, Американың келесі президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік кеңесші лауазымына үміткері зейнеткерлікке шыққан генерал Майкл Флинн мен Вашингтондағы Ресей елшісі Сергей Кисляк АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама Америкадағы президенттік сайлауға Мәскеу килікті деген желеумен Ресейге қарсы санкциялар салған күні бірнеше рет бір-бірімен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Американың ақпарат құралдары телефон арқылы орнаған сұхбатты Дональд Трамптың кеңесшілері мен Ресей қайраткерлері арасындағы байланыстар бағытында деп бағалады.

АҚШ үкіметі Ресейді сайлау нәтижесін Трамптың жеңіске жетуі бағытында өзгерту мақсатында киберлік шабуыл жасады деп айыптады. Ресей айыптауларды жоққа шығарды. Алайда желтоқсанның 23-і күні Обама Ресейдің 35 дипломатын Америкадан шығаруға жарлық беріп, бірнеше ресейлік компанияға санкция салды.

Осы хабарға сәйкес, Майкл Флинн мен Ресей елшісінің телефон сұхбаттарында  санкциялар мәселесін талқыға салған, салмағаны белгісіз. Алайда Трамптың ақпарат хатшысы Шон Спайсер жұма күні «Флинн өткен айда Трамп пен Ресей президентінің телефон арқылы сұхбаттасуын жоспарлауды сұраған өтініш алды» деп мәлімдеді.

Американың заңдары азаматтарға осы елдің үкіметімен жауласушы шет мемлекеттермен келіссөз жүргізуге тыйым салады.