Ұлыбритания Иран банктеріне әлемдік қаржы жүйесіне қатысу үшін көмек көрсетеді
Ұлыбританияның маңызды бақылаушы органдары бір бөлімше құру арқылы Иранның үш мемлекеттік банкіне бірнеше жыл санкциядан кейін қаржы жүйесіне қайтадан кіруге көмек көрсетеді.
«Financial Times» газеті өз хабарында: «Ұлыбританияда орналасқан ирандық банктер жаңадан ашылған бөлімшенің алғашқы игілігін көрушілер болып табылады. Бөлімше бұл үш банкке көмек және мамандар алу үшін арнайы телефон желісі сияқты қызметке қол жетімді болуға мүмкіндік береді» деп жазды.
Ұлыбританияның орталық банкі халықаралық «Парс» банкі, Ұлттық банк және «Сепаһ» банкінің рұқсатнамаларын осыдан екі апта бұрын ресми түрде іске қосты.
Осы шара Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келісім шеңберінде санкцияларды азайту үшін іске асырылды.
Жалпы алғанда шамамен бір млрд фунт капиталы бар осы үш банк көбірек қаржы қызметтерін жүзеге асыра алмайды.