Нигерия мұсылмандары осы елдің президентіне ескерту жасады
(last modified Tue, 17 Jan 2017 15:06:13 GMT )
Қаң 17, 2017 21:06 Asia/Almaty
  • Нигерия мұсылмандары осы елдің президентіне ескерту жасады

Нигерия исламдық қозғалысының аға мүшесі осы қозғалыстың жетекшісін азат етуді кейінге қалдыруға байланысты Нигерия президентіне ескерту жасады.

Нигерия исламдық қозғалысының аға мүшесі Нуруддин Муса осы елдің президенті Мохаммаду Бухариге ескерту жасап: «Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибрахим Зәкзаки мен оның жұбайын азат ету осы қозғалыстың қызыл сызығы болып табылады және ешқашан осы талаптан қайтпайды» деп мәлімдеді. Нигерияның көптеген шиіттері де осы ел сотының шейх  Зәкзаки мен оның жұбайын сейсенбі күнінің соңына дейін азат ету негізіндегі үкіміне байланысты осы үкімді жедел орындауды қуаттады. Нигерия сот мекемесінің ресми мәлімдеуі бойынша, осы елдің полициясы шейх Зәкзаки мен оның жұбайын азат етуге жағдай жасап, тиісті шараларды атқаруға міндетті. Нигерия армиясы 2015 жылы он төртінші желтоқсанда қанқұйлы қақтығыстан кейін осы қозғалыстың жүздеген мүшесін шәһид етіп, шейх Зәкзаки мен оның жұбайын құрықтаған болатын.