АҚШ Сириядағы лаңкестерге әскери көмек көрсетуде
(last modified Wed, 18 Jan 2017 08:28:46 GMT )
Қаң 18, 2017 14:28 Asia/Almaty
  • АҚШ Сириядағы лаңкестерге әскери көмек көрсетуде

Астанада Сирия дағдарысын шешу туралы отырыс өткізуге талпыныстар жасалып жатқан кезде ақпарат құралдары АҚШ үкіметінің Сирия Президенті Башар Асад үкіметіне қарсылас топтарға әскери көмектерін арттырып жатқаны туралы хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша АҚШ-тың «USA Today» газеті сейсенбі күні: «АҚШ-тың Сирияның Ракка қаласындағы Башар Асад үкіметінің қарсыластары мен қарулы күштерге жаңа әскери көмек жіберіледі»,- деп жазды. Жаңа қарулар Сирия үкіметінің қарулы қарсыластарына  әуе арқылы жіберілетін болды.

Сириядағы Джебхат ан-Носрат тобының басшыларының бірі АҚШ-тың осы тәкфіршіл топқа қару жіберетінін мәлімдеді.

Әртүрлі ақпарат көздері Алеппода лаңкестер жеңілген соң лаңкестердің,  соның ішінде Джебхат ан-Носрат тобының ықтиярында болған америкалық қару қорларының табылғаны туралы хабарлады.