Қазақстан – Орталық Азиядағы ең мықты паспортқа ие ел
https://itolqyn.com/news/world-i23371-Қазақстан_Орталық_Азиядағы_ең_мықты_паспортқа_ие_ел
Халықаралық "Passport index" ұйымының ресми сайты ең мықты паспортқа ие елдердің тізімін жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 18, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • Қазақстан – Орталық Азиядағы ең мықты паспортқа ие ел

Халықаралық "Passport index" ұйымының ресми сайты ең мықты паспортқа ие елдердің тізімін жариялады.

Паспорттарды бағалаудағы негізгі өлшемдердің бірі паспорт иесінің визасыз сапар шеге алатын елдердің саны болып табылады. Осы рейтингте Қазақстан әлем бойынша елу алтыншы орында тұр. Соған сәйкес Қазақстан азаматтары әлемнің алпыс тоғыз еліне визасыз сапар шеге алады. Германия – рейтингтің көшбасшысы. Ресейдің паспорты отыз тоғызыншы, Қырғызстан мен Қытайдың паспорты алпыс алтыншы, Өзбекстан жетпісінші, Түркіменстан жетпіс бесінші орындарда орналасқан.