Қауіпсіздік кеңесі Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін растады
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні кешке Иранның ядролық келісімге беріктігін талқылау мақсатында ұйымдастырылған отырыста: «ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясындағы өзінің міндеттемелеріне берік болды»,- деп мәлімдеді.
Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аталмыш отырыста Еуропа одағының БҰҰ-дағы өкілі: «Қауіпсіздік кеңесі әр алты ай сайын Иранмен ядролық келісіміне байланысты есеп алып отыруы тиіс»,- деді.
Еуропа одақтың өкілі аталмыш ұйымның сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің сөзіне сілтеме жасап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы халықаралық қоғамдастыққа тиесілі»,-деді.
Ұлыбританияның БҰҰ-дағы өкілі отырыста сөйлеген сөзінде: «Бүкіл әлем Иранмен экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзір»,- деп мәлімдеді.
Сонымен қатар Францияның Біріккен Ұлттар ұйымындағы өкілі де отырыста ядролық келісімнен кейін өз елінің Иранмен қатынастарының жақсарғанын хабарлады.
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі: «Біз Иранның ядролық келісімге байланысты міндеттемелерін орындау көлеміне ризамыз»,- деді.
Алайда Қауіпсіздік кеңесінің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес міндеттемелеріне берік болғанын растауы америкалықтарға ұнамады.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Саманта Пауэр америкалық басшылардың Иранға қарсы саясаттарының жалғасында ««Ортақ қадам» бағдарламасы Қауіпсіздік кеңесінің назарын Иранның басқа да мәселелерінен алыстатпауы тиіс.
Иран БҰҰ-ның қару-жараққа байланысты қаулысын бұзып отыр»,- деген уәж айтты.