Дональд Трамп америкалық әскерилердің Ауғанстандағы құзырын жалғастыруды қуаттады
АҚШ президенті шетелдік әскерилердің Американың қолбасшылығымен Ауғанстанда құзырын жалғастыруды қуаттады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сұхбатта «Ауғанстандағы америкалық әскерилердің саны арттырылады» деді.
Қазір Ауғанстанда Американың қолбасшылығындағы шамамен он мың шетелдік әскери бар.
2001 жылы Талибан мен "әл- Каиданың" көзін жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету желеуімен Ауғанстанға әскерін әкелген Америка НАТО-ның атсалысуымен 2014 жылға дейін осы елде 130 мыңнан астам әскери күш орналастырды.
Американың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сәтсіздігі және осы ел мен НАТО күштерінің Ауғанстанның батпағында батып қалуы Вашингтонның Ауғанстанда бейберекеттікті өршітуімен осы елдегі өз әскерилерін күшейтуді мақсат етуіне себеп болды.