Ресей Сирия дағдарысын шешуге бағытталған келісімдерді қолдайды
Ресей Президенті келіссөздерді Сирия дағдарысының негізгі шешім жолы деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин сенбі күні өзінің қазақ әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сұхбатында Қазақстанның елордасы Астанада Сирия дағдарысын шешу үшін Теһран, Мәскеу мен Анкараның бастамасымен өткен екікүндік келіссөздерді сәтті деп бағалады.
Ресей мен Қазақстан басшылары осы сұхбатта Астана отырысының Сирия қайшылығын саяси жолмен шешу үшін жасалып жатқан халықаралық талпыныстарға жаңа серпін бергенін қуаттады.
Сирия үкіметі мен оның қарсыластары, ұйымдастырушы үш ел – Иран, Ресей мен Түркия делегациялары және БҰҰ өкілінің қатысуымен Астанадағы екікүндік келіссөздер өткен аптаның сейсенбі күні аяқталды.
Келіссөздерді жалғастыру және Сирияда атысты тоқтату бітімін нығайту Астана отырысының қорытынды мәлімдемесінің басты тақырыбы болды.