Канаданың премьер-министрі Квебектегі мешітке жасалған шабуылды лаңкестік деп атады
(last modified Mon, 30 Jan 2017 15:29:19 GMT )
Қаң 30, 2017 21:29 Asia/Almaty
  • Канаданың премьер-министрі  Квебектегі мешітке жасалған шабуылды лаңкестік деп атады

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо атыс құрбандарының отбасының қайғысына ортақтастық білдіріп, «Twitter» желісіндегі жазбасында осы шабуылды лаңкестік және қорқақтың шарасы деп атап, оны қатаң айыптады.

Қарулы кісілердің Канаданың Квебек қаласындағы мешітке ақшам намазымен орайлас оқ атуының салдарынан алты адам қаза болды. Канаданың Квебек қаласы полициясының ақпарат хатшысы осы лаңкестік шабуылда кемінде 6 адамның қаза болып, 8 адамның жараланғанын мәлімдеді. Шабуыл Канада босқындарды қабылдайтынын жариялағаннан бір күннен кейін орын алды.