Трамп "Green Card" иегерлерінің Америкаға келуіне тыйым салу жарлығының күшін жойды
(last modified Mon, 30 Jan 2017 15:52:47 GMT )
Қаң 30, 2017 21:52 Asia/Almaty
  • Трамп

Американың Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеме жариялап, миграциялық жаңа шектеулердің сол елде тұру туралы ықтиярхатқа ие шетелдіктер мен "Green Card" иегерлерін қамтымайтынын мәлімдеді.

Осы тақырып АҚШ президенті Дональд Трамптың босқындар мен жеті ислам елі азаматтарының Америкаға кіруіне тыйым салу жөніндегі жарлығын орындаудан туындаған мәселелерден кейін жарияланды. АҚШ үкіметінің жоғары деңгейлі бір басшысы осы жарлықтың "Green Card" иегерлерін қамтымайтынын айтты. Американың Ішкі қауіпсіздік министрлігі сондай- ақ Америкада заңды түрде тұруға рұқсат етілген ықтиярхаты бар және "Green Card" қолдану арқылы  сапар шегетін кісілерге Америкада қалуға рұқсат етілетінін мәлімдеді