Американың Йеменнің әл-Бейда облысына жасаған шабуылы – үкіметтік лаңкестіктің үлгісі
Йеменнің ұлттық құтқару үкіметі америкалық күштердің Йеменнің оңтүстігіндегі әл-Бейда облысының бір аймағына жасаған әуе шабуылын айыптады.
«Alalam» телеарнасының дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Йеменнің ұлттық құтқару үкіметіндегі бір дереккөзі Американың әл- Бейдаға жасаған әуе шабуылына көрсеткен реакцияда шабуылды Американың лаңкестікпен күрес желеуімен жасап отырған үкіметтік лаңкестіктің үлгісі деп атады.
Йеменнің ұлттық құтқару үкіметіндегі осы дереккөзі Йеменнің отставкадағы президенті Абд Раббе Мансур Хадиды осы елдің әкімшілік құқығының бұзылуы мен Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасауы үшін жол ашуға жауапты деп атап: «Америка халықаралық қауымдастықтың назарын Саудия шапқыншыларының Йемендегі қылмыстарынан ауытқытуға талпынуда» деді.
Йеменнің қауіпсіздік дереккөздерінің мәлімдеуі бойынша Американың әл- Бейда облысына жасаған шабуылы мен америкалықтардың "Иекла" ауылына тікұшақпен жасаған шабуылында 57 адам, соның ішінде 13 әскери емес кісі өлтірілді.
Бұның алдында Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің премьер-министрі Абдолазиз Бин Хабтур Сауд Арабиясын АҚШ және Ұлыбританияның келісімі және қолдауымен Йеменмен соғысты басқарып отыр деп айыптаған болатын.