Британиялықтар Трамптың миграциялық бұйрығына қарсы шеруге шықты
Британияның мыңдаған халқы дүйсенбі күні елдің Премьер-министрлігі мен Парламентінің алдында жиналып, АҚШ үкіметінің ұстанымына наразылық білдірді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Британия Парламентінің өкілдерінің бұл елдің Сыртқы істер министрі Борис Джонсоннан АҚШ Президенті Дональд Трамптың мигранттарға қарсы шешімі мен осыған қатысты Лондонның әрекеттері туралы сұрағымен бір мезгілде мыңдаған адам Британия Парламентінің сыртында Трампқа қарсы ұрандар айтып, оның шешімін нәсілшіл деп атады.
Британиялық наразылар мұсылмандарға, әсіресе Трамп АҚШ-қа кіруге тыйым алған жеті елдің азаматтарына тілеулестіктерін білдіріп, Трамптың сапарының алдын алып, оны Ұлыбритания жеріне кіргізбеуді талап етті. Шерушілер «Біз Трампты емес, мұсылмандарды қолдаймыз!», «Үкіметке – ұят! Трампқа – ұят!», «Трамп кетуі керек, Трамп нәсілшіл!» деген ұрандар айтып, АҚШ пен оның жаңа президентінің ұстанымдарына қарсылық білдірді. Сонымен бірге Трамптың Ұлыбританияға сапарының алдын алуды талап ететін петицияға қол қоюшылардың саны артып, бүгін таңға дейін оған бір жарым миллион адам қол қойды.