Вашингтон АҚШ-тың арнайы күштерінің Йемендегі шабуылында қарапайым адамдардың қаза болғанын мойындады
АҚШ-тың Орталық басқару штабы сәрсенбі күні: «АҚШ армиясының әл-Каидамен күрес сылтауымен 29 қаңтарда Йеменге жасаған шабуылдарында бірқатар қарапайым йемендік, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты»,-деп мойындады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, йемендік басшылар: «АҚШ-тың арнайы күштерінің Йеменге шабуылдары барысында 16 қарапайым адам, соның ішінде 8 әйел мен 8 бала қаза тапты. Бұл Дональд Трамптың Ақ үйге келгеннен бері АҚШ күштерінің Йеменге жасаған алғашқы шабуылы болды»,-деп хабарлады.
Обаманың президенттік кезінде Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестерімен күресу мақсатында құрылған «ДАИШ-ке қарсы» деген коалиция өзінің 2 қаңтардағы есебінде ресми түрде 2014 жылы басталған шабуылдарында осы күнге дейін кемінде 188 қарапайым йемендіктің қаза болғанын мойындады.
Осындай жағдайда Ирак пен Сирияның ресми мәліметтері бойынша екі елдің жүздеген жазықсыз азаматы аталмыш жалған коалицияның шабуылдары салдарынан қаза болып, жараланды.