Трамптың мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы жарлығы тоқтатылды
(last modified Sun, 05 Feb 2017 11:39:52 GMT )
Ақп 05, 2017 17:39 Asia/Almaty
  • Трамптың мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы жарлығы тоқтатылды

АҚШ-тың бір федералды соты осы елдің Президенті Дональд Трамптың жолаушыларға тыйым салу туралы жарлығын орындауды тоқтатуға бұйрық берді.

Вашингтон штатының Сиэтл қаласының федералды судьясы Джеймс Робарттың  Дональд Трамптың 7 ислам елі азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы жарлығының күшін жоюға бағытталған үкіміне сәйкес, АҚШ-тың Кеден басқармасы әуе компанияларына визасы бар адамдарды АҚШ бағытында ұшаққа отырғызуға рұқсат берді.

Федералды судьяның үкім шығаруы және оның АҚШ-тың Кеден және шекара күзеті басқармасы тарапынан жылдам орындалуы Трамптың жарлығының күшін жойғанын білдіреді. Тіпті мұны Трамптың бағдарламаларының, соның ішінде бөгделер мен мұсылман мигранттардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салу саласындағы бағдарламасының мезгілінен бұрын жеңіліс табуы деп бағалауға болады. Дональд Трамп бірнеше күн бұрын бір жарлыққа қол қойып, Иран, Сирия, Ливия, Сомали, Судан, Йемен мен Ирак азаматтарының  90 күн бойы АҚШ-қа кіруіне тыйым салды. Федералды судья Джеймс Робарт өзінің үкімінде Президенттің жарлығын орындауды тоқтатып, Трамп үкіметі адвокаттарының уәждеріне теріс дауыс берді. Үкіметтің адвокаттары: «Штаттар Трамптың жарлығын талқылауға қажетті құқықтық мәртебеге ие емес»,-деп уәж айтқан болатын.

7 ислам елі азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу жарлығы әлем бойынша ауқымды қарсылықтарға ұшырап, АҚШ-тың ішінде де ықпалды қарсыластармен кездесті. Бұдан бұрын АҚШ-тың көптеген судьялары Трамптың осы жарлығына наразылық білдірді. Трамп АҚШ-тың Әділет министрі әрі уақытша Бас прокуроры Салли Йейтсты 7 ислам елі азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салудың заңсыз екенін айтқан мәлімдемесінен кейін қызметінен босатты. Салли Йейтстың бұл жарлыққа тікелей қарсы шығуы осы саладағы Трампты әрекетсіздік жағдайына түсірген ең ірі әрі маңызды қарсылықтардың бірі болды. Сиэтл қаласының федералды судьясының үкімі шығарылғанға дейін АҚШ халқы әуежайларға жиналып, Трампың жарлығын жоюды талап еткен болатын. Енді қарсылықтар АҚШ-тың үкімет, Конгресс және сот органдарына да таралды.  Ақ үй Джеймс Робарттың үкіміне реакциясында: «Әділет министрлігі Джеймс Робарттың үкімін тез арада тоқтатуға өтініш жасайтын болады»,-деп мәлімдеді.

Трамп осы қарсылықтар мен өз жарлығының орындалу жолында заңдық және құқықтық кедергілердің туындауына қатысты екі шешім жолына ие: біріншісі – 7 ислам елі азаматтарының кіруіне тыйым салу туралы жарлықтың орындалуына табандылық танытуды жалғастыру. Бұл жағдайда онда ел ішіндегі қарсыластардың, әсіресе заң және сот органдары, сондай-ақ әлемдік ұйымдардағы қарсыластардың ауқымды толқынымен күрескеннен басқа амал қалмайды.  Бұл оңай іс емес. БҰҰ-ның екі аға қайраткері (Бас хатшысы Антонио Гутерреш пен адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хосейн) де АҚШ Президенті жарлығының заңсыз екенін қуаттап отыр. Осылайша бұл тақырып Трамп үшін бір халықаралық мәселеге айналды. Екінші жол – Трамтың өз жарлығынан кері шегінуі. Бұл оның әлсіздігін білдіріп, өзінің басқа салалардағы шараларында да кері шегінуге мәжбүрлейді. Бұл Трамптың позициясына ауыр соққы болып саналады.