Ресей Ауғанстанды тыныштандыруға талпынуда
Ресей СІМ Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Саллаһ әд-Дин Раббанидың Мәскеу сапары қарсаңында ДАИШ лаңкестік тобының Ауғанстан аймағында кең етек жайып, әрекет етуіне байланысты баяндама жасап, алаңдаушылық білдірді.
Баяндамада Ресейдің Ауғанстанда орын алып жатқан қауіпсіздік жағдайын жақынран бақылауға алып, ондағы қарулы қарсылық білдіруші топтардың, әсіресе ДАИШ-тің әрекеттерінің артуына алаңдаушылық білдіретіндігі туралы айтылған. Ресей СІМ-нің мәлімдеуі бойынша, Мәскеу Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісіне қатысты осы елдегі мәселелерге байланысты кеңес беру аясында көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Мәскеу Ауғанстанға техникалық және әскери тұрғыдан көмек көрсету және қауіпсіздік күштеріне оқу-жаттығу өткізуге де дайын екендігін хабарлады. Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесіне байланысты Кабул үкіметін шақырмай, Ресей, Қытай және Пәкістан өкілдерінің ғана қатысуымен Мәскеуде өткен үшжақты кездесуге қатысты Кабул үкіметінің ашу-ызасынан кейін, Кремль басшылары асқан сыпайылықпен Ауғанстан үкіметімен тыныштандандыруға мүдделі болып отыр. Ауғанстан үкіметі бұл елдің қатысуынсыз Ауғанстандағы бейбітшілік мәселесіне қатысты Мәскеуде үшжақты отырыс өткізуін Ресейдің ашық түрде бұл елдің ішкі істеріне араласушылығы деп атады. Кабул үкіметі мұндай әрекеттерді Ауғанстанның ұлттық бітімге қол жеткізуге бағытталған бағдарламасының бұзылуына әкеп соқтырады деп санайды. Ауғанстан үкіметінің пікірінше, елдегі бейбітшілік мәселесі аймақтық және халықаралық деңгейде қолдау көрсетуді талап етеді. Бірақ, бейбіт келіссөздердегі Кабул үкіметінің басшылығына нұқсан келтіретін басқа елдердің араласу әрекеттерін қабылдамайды. Ауғанстан үкіметі, Мәжіліс және Сенат депутаттарының Мәскеудегі үшжақты кездесуіне қатысты қатты реакция білдіруі мен Ресейдің бұл елдегі өзгерістерге байланысты ниеттеріне шындап күмән келтіруінен кейін Ресей үкіметінің басшылары бұл қателікті түзетпеген жағдайда екі жақты қарым-қатынастардың дағдарысы мен екі ел ынтымақтастықтарының төмендеуіне соқтыратыны жайлы алаңдаушылығын тудырды. Ресей соңғы жылдары Ауғанстан ісі жөнінде арнайы өкіл тағайындау арқылы жұмсақ күш пайдалану жолымен қолдау көрсету саясаттарын кеңейте отырып, Ауғанстандағы өз ықпалын күшейткісі келді. Алайда, Кабул үкіметін шақырмай Мәскеуде үш жақты отырыс өткізгеннен кейін Ресей өзінің Ауғанстандағы жетістіктерін біржолата зая кеткендей сезінеді. Сол себепті, Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Саллаһ әд-Дин Раббани Ресейге Кабул үкіметінің қатысуынсыз өткізілген үш жақты отырыс өткізу арқылы жасаған стратегиялық қателігін түзетуге мүмкіндік беру үшін Мәскеуге аттанғалы жатыр. Сонымен қатар, мұның алдында ресейліктердің Ауғанстандағы «Талибан» тобымен байланыста болғанын мойындағаны Кабул үкіметінің Мәскеудің жасырын саясатына қатысты наразылық толқынын тудырған еді. Осындай жағдайда Мәскеу өзінің «Талибандармен» байланыста болғаны түріндегі стратегиялық қателіктері мен Ауғанстан үкіметі өкілдерінің қатысуынсыз үш жақты отырыс өткізуі Ресейдің бәсекелестеріне мүмкіндік тудырады деп алаңдап отыр.