Мьянма әскері мен полициясы тарапынан мұсылман әйелдерге қарсы ұйымдастырылған қылмыстар жасалуда
(last modified Tue, 07 Feb 2017 08:11:36 GMT )
Ақп 07, 2017 14:11 Asia/Almaty
  • Мьянма әскері мен полициясы тарапынан  мұсылман әйелдерге қарсы ұйымдастырылған қылмыстар жасалуда

Адам құқығын бақылау ұйымы Мьянмада рохинья-мұсылман әйелдерге қарсы осы ел әскері мен полициясы тарапынан ұйымдастырылған қылмыстардың жасалып жатқанын хабарлады.

Press TV-дің хабарлауынша, Адам құқығын бақылау ұйымы дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, Мьянманың үкіметтік күштері Ракхайн штатында рохинья-мұсылмандарының қыздары мен әйелдеріне ұйымдастырылған түрде жыныстық зорлық көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Адам құқығын бақылау ұйымы сонымен қатар Мьянма үкіметінен мұсылман әйелдер мен қыздарға қарсы жыныстық зорлық туралы мәліметтерге шұғыл түрде реакция білдіруді талап етті.

Осы мәліметке сәйкес, Мьянманың шекаралық күштері 2016 жылдың қазан айының тоғызынан бастап желтоқсан айының ортасына дейін Ракхайн аймағының кемінде 9 ауылында жыныстық зорлық жасаған.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарлары да бір мәліметте Мьянма қарулы күштерінің мұсылман әйлдерге қарсы ұйымдастырылған қылмыстарын растады.

Рохинья-мұсылмандарының мекендейтін жері Мьянманың солтүстік-батысынадғы Ракхайн штаты 2012 жылдан бері мұсылмандарға қарсы буддалық экстремистердің тайпалық қатыгездіктерінің сахнасына айналып отыр.