Ақп 02, 2016 19:00 Asia/Almaty
  • Сирияның батысына Түркия жерінен шабуыл жасалды

Сирия Сыртқы істер министрлігі осы елдің батысына Түркия жерінен зеңбірек атылғанын хабарлады.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Түркия жерінен Латакия облысының солтүстігіне атылған зеңбіректің салдарынан бір сириялық әскери қызметкердің қаза болып, 5 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Аталмыш министрлік мәлімдемесінде Түркия қайраткерлерін Сирияның батысына атқан зеңбірекке жауапты деп атады.

Бұл Сирия әскері осы елдің Түркиямен шекарасына дейін ілгерілеп, Латакия облысының бірқатар аймақтарын азат еткеннен кейін, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан осы облыс бұрынғы тыныштығын қайтарған жағдайда орын алды.

Сонымен қатар Ресейдің Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні бір мәлімдемеде Сирияның Латакия облысының солтүстігіндегі бейбіт аймақтардың Түркияның шекаралық бекеттері тарапынан зеңбірекпен нысанаға алынғанын растайтын суреттердің бар екенін мәлімдеді.

Мәскеу Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы НАТО мен Пентагон және Түркия Қарулы күштерінен осы мәселе бойынша түсініктеме беруді талап етті.

Тегтер