Ресейде ақпан айының ортасында Ауғанстан тақырыбында халықаралық отырыс өтеді
Ақп 07, 2017 22:34 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі өз елінің биылғы ақпан айының ортасында Ауғанстан тақырыбында халықаралық отырыс өткізетінін мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров өзінің ауған әріптесі Салахуддин Раббанидің қатысуымен өткен ақпарат конференциясында: «Біз ақпан айының ортасында Ресей, Ауғанстан, Пәкістан, Қытай, Иран және Үндістан өкілдерінің қатысуымен Мәскеуде Ауғанстан дағдарысын шешу туралы жаңа отырыс өтетінін өзіміздің ауған әріптестерімізге хабарлаған болатынбыз» деді.
Тегтер