АҚШ-тың танктері Латвия мен Ресей шекараларына орналастырылды
НАТО-ның Мәскеумен жауластық саясатының жалғасында АҚШ-тың сауытты танктері мен көліктерінің алғашқы тобы Латвияға әкелінді.
Al-Alam арнасының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Латвияның Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде АҚШ-тың «M1 Абрамс» танктері мен «Бредли» сауытты көліктерінің алғашқы тобының осы елге кіргенін хабарлағанымен алайда танктер мен сауытты көліктердің санын жарияламады.
Осы мәліметке сәйкес, НАТО-ның әскери бағдарламалары аясында 2 ақпанда 25 америкалық әскери қызметкер, 5 ақпанда тағы 225 әскери қызметкер Латвияға келген.
НАТО-ның басшылары өткен жылы Варшавадағы отырыста осы ұйымға қарасты көпұлтты күштерді Эстония, Литва мен Латвияға орналастыруға шешім қабылдады.
НАТО жаңа жылдың басынан АҚШ жаяу әскерінің 4 бригадасына қарасты танктерді Шығыс Еуропаға орналастыра бастады.
Мәскеу НАТО күштерінің өз шекараларына жақын жерде орналасуынан туындайтын салдарлар жайлы сан рет ескертіп, бұл шараларға қарымта жауап қайтаратынын жариялады.