АҚШ-тың танктері Латвия мен Ресей шекараларына орналастырылды
https://itolqyn.com/news/world-i24179
НАТО-ның Мәскеумен жауластық саясатының жалғасында АҚШ-тың сауытты танктері мен көліктерінің алғашқы тобы Латвияға әкелінді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 09, 2017 17:16 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың танктері Латвия мен Ресей шекараларына орналастырылды

НАТО-ның Мәскеумен жауластық саясатының жалғасында АҚШ-тың сауытты танктері мен көліктерінің алғашқы тобы Латвияға әкелінді.

Al-Alam арнасының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Латвияның Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде АҚШ-тың «M1 Абрамс» танктері мен «Бредли» сауытты көліктерінің алғашқы тобының осы елге кіргенін хабарлағанымен алайда танктер мен сауытты көліктердің санын жарияламады.

Осы мәліметке сәйкес, НАТО-ның әскери бағдарламалары аясында 2 ақпанда 25 америкалық әскери қызметкер, 5 ақпанда тағы 225 әскери қызметкер Латвияға келген.

НАТО-ның басшылары өткен жылы Варшавадағы отырыста осы ұйымға қарасты көпұлтты күштерді Эстония, Литва мен Латвияға орналастыруға шешім қабылдады.

НАТО жаңа жылдың басынан АҚШ жаяу әскерінің 4 бригадасына қарасты танктерді Шығыс Еуропаға орналастыра бастады.

Мәскеу НАТО күштерінің  өз шекараларына жақын жерде орналасуынан туындайтын салдарлар жайлы сан рет ескертіп, бұл шараларға қарымта жауап қайтаратынын жариялады.