Велаяти: Америкалықтардың мұсылмандармен қарсыласатын шамасы жоқ
Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының бас хатшысы: «Американың үкімет басшыларының сес көрсетулерінен түк шықпайды, өйткені олардың мұсылмандармен қарсыласатын шамалары жоқ» деді.
«Исламдық ояну» әлемдік ассамблеясының бас хатшысы Әли Акбар Велаяти Теһранда Иран ислам революциясы жеңісінің 38- ші жылдығы рәсімінде шетелдік қонақтармен өткен форумда: «Американың үкімет басшыларының келешек үшін еш жоспары болмағандықтан, қисынсыз сес көрсетуде» деді.
Велаяти Американың Таяу Шығыс, Сирия және Иракты бөлу жобасының сәтсіздігіне тоқталып: «Американың астыртын әрекеттері үстемшілдікке қарсы исламдық ояну толқыны мен мұсылмандардың қарсыласуының артуына байланысты сәтсіздікке ұшырап отыр» деді.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың сөздерін қарама-қайшы және парасатсыздықтың салдары деп атап: «Осы сөздер Батыс әлемінің, әсіресе Американың сарсылғанын, мұсылмандардан жеңілгенін көрсетеді» деді.
Исламдық ояну әлемдік ассамблеясының бас хатшысы сондай-ақ Иран ислам революциясын бүкіл ислам әлеміне тиесілі деп атап: «Исламдық ояну толқындары бүкіл ислам әлемі мен және адамзатқа жеткен. Оның әсерлері күн сайын әлемнің әрбір аймағынан көрініс табуда» деді.