Ресей АҚШ-ты қатты сынға алды
РФ президентінің Ауғанстан ісі жөніндегі арнайы өкілі Замир Кабулов: «Мәскеу «Талибан» тобына қолдау көрсетуде деген жалған ақпарат. АҚШ басшылары Ресейдің Ауғанстандағы позицияларын әлсіретуге талпыныс жасауда.
АҚШ-тың мұндай уәж айтудағы мақсаты Ауғанстанда тұрақтылық орнатудағы өз жеңілісін ақтау болып саналады»,- деді. Кабуловтың бұл мәлімдемесі өткен бейсенбі күні АҚШ Конгресінің Ауғанстандағы шетелдік күштердің қолбасшысы генерал Николсонның Ресей мен Пәкістанды Ауғанстандағы соғысқа араласушылық пен ауғандық «Талибан» тобының ресми түрде танылуына талпыныс жасауда деген айыптарынан кейін жарияланған болатын.
Америкалық генералдың мәлімдемесіне сәйкес, шетел мемлекеттерінің Ресей басшылығымен Ауғанстанның ішкі істеріне араласуы Кабул үкіметі үшін көптеген қиындық тудырды. Ресей мен АҚШ-тың бір-біріне қарсы айтылған айыптары бұл екі державаның Ауғанстандағы бәсекелестіктігін көрсетеді. Соңғы бір жыл ішінде Ауғанстанда бейбітшілік орнатудың маңызды мәселеге айналуымен АҚШ пен Ресейдің Ауғанстандағы бәсекелстігі күшейе түсті. Бір жыл бұрын АҚШ Ауғанстандағы бейбітшілік мәселесіне байланысты Вашингтон, Кабул, Исламабад және Пекин өкілдерінің қатысыуымен төрт жақты отырысы өткізуді ұсынған. Алайда бесінші отырыстан кейін ол жоспарды іске асырудан қол үзді. АҚШ жоспарының сәтсіздікке ұшырауымен, Ауғанстандағы бейбітшілік мәселесіне қатысты төрт жақты келіссөздердің үшінші отырысынан кейін Ресей Ақ үйдің жоспарының нәтижесіз болғанын сынға алып, 2016 жылдың сәуірінде Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін шешуге бағытталған Мәскеу, Дели және Пекин өкілдерінің қатысуымен үш жақты отырыс өткізген болатын. Осыдан кейін Ресей жасырын түрде Ауғанстандағы бейбітшілік мәселесіне қатысты өзінің діттеген мақсаттарын қадағалап отырды. Бірақ Ресейдің «Талибан» тобымен жасырын байланысы әшкереленгеннен кейін Кремль өзінің Ауғанстандық «Талибан» тобымен байланысын мойындауға мәжбүр болған еді. Бұл мәселе Кабул үкіметінің қатты реакциясын тудырды. Жуырда Ресей Кабул үкіметін шақырмай, тағы да үш жақты бейбітшілік отырысын өткізді. Бұл жайт тағы да ауғандықтардың қатты сын айтуына себеп болды. Осы жағдайды пайдалана отырып, АҚШ Ресей үкіметінің Ауғанстанға, әсіресе бейбітшілік үдерісіне қатысты саясаттарын сынға алып, Мәскеуге «Талибан» тобына қолдау көрсетеді деп айып таққан еді. Осыған байланысты Ақ үйдің «Талибан» тобымен 2011 жылы Катарда өткен құпия сұхбаттары Вашингтонның Ауғанстандағы жасырын ісінде тіркелді. Ресей мен АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты саясатына байланысты жағдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұл тұрақты екі мүшесінің халықаралық деңгейдегі бәсекелестігін көрсетеді. Олар Ауғанстандағы «Талибан» секілді түрлі топтарды пайдалана отырып, өздерінің қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуді көздеп отыр. Бұл жағдай алып державалардың Ауғанстандағы ұлттық мүдделер мен билікке көңіл бөлмеуімен қоса, Кабулдың басшылық рөлін елемей, бұл елдегі бейбітшілік үдерісіне араласу мен оған мән бермеудің салдарынан зорлық-зомбылық пен соғыстың артуына себеп болуда.