Ресей мен Белоруссия халқы НАТО-ны өздері үшін қауіп санайды
https://itolqyn.com/news/world-i24260-Ресей_мен_Белоруссия_халқы_НАТО_ны_өздері_үшін_қауіп_санайды
Америкалық "Gallup" кеңсесі сауалнамасының қорытындылары бойынша, ресейліктердің 67 пайызы мен белоруссиялықтардың 54 пайызы Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ны өздері үшін қауіп санайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 12, 2017 21:36 Asia/Almaty
  • Ресей мен Белоруссия халқы НАТО-ны өздері үшін қауіп санайды

Америкалық "Gallup" кеңсесі сауалнамасының қорытындылары бойынша, ресейліктердің 67 пайызы мен белоруссиялықтардың 54 пайызы Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ны өздері үшін қауіп санайды.

Америкалық "Gallup" кеңсесінің сауалнамасы ресейліктердің тек 20 пайызының ғана НАТО туралы бейтарап көзқарасқа ие екенін көрсетті. Осы мәлімет бойынша, Ресейде НАТО-ны қауіп санайтын кісілердің саны 2013-ші жылмен салыстырғанда шамамен 29 пайызға ұлғайған. Осы үдеріс НАТО-ның әскери әлеуетін Шығыс Еуропа мен Балтық аймағындағы бұрынғы Кеңес Одағының республикаларына қарай кеңейту стратегиясын орындауға қарсылықты аңғартады. "Gallup" кеңсесі сауалнамасының Белоруссиядағы мәліметтері де осы ел халқының НАТО ұйымына теріс көзқарасын аңғартады. Украинада да халықтың 35 пайызы НАТО-ны қауіп санайды,.