НАТО – Еуропаның шығысына төніп тұрған қатер
https://itolqyn.com/news/world-i24362-НАТО_Еуропаның_шығысына_төніп_тұрған_қатер
Жуырда өткізілген сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, Сербия мен Ресей халқының басым бөлігі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ны Еуропаның шығысына қауіп-қатер төндіріп тұр деп санайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 15, 2017 14:44 Asia/Almaty
  • НАТО – Еуропаның шығысына төніп тұрған қатер

Жуырда өткізілген сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, Сербия мен Ресей халқының басым бөлігі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ны Еуропаның шығысына қауіп-қатер төндіріп тұр деп санайды.

ИРНА-ның хабарлауынша, сейсенбі күні Gallup америкалық қоғамдық пікір институты  жариялаған сауалнаманың нәтижелері кейбір еуропалық елдердің, соның ішінде, Сербия мен Ресей халқының басым бөлігінің НАТО-ны қатер деп санайтынын көрсетті.

Осы сауалнаманың нәтижесінен белгілі болғандай, Сербия халқының тек алты пайызы ғана НАТО-ның өз елін қорғайтындығына сенімді. Алайда бұл ел халқының 64 пайызы НАТО-ның Еуропаның шығысы мен өз еліне қауіп-қатер төндіріп тұрғаны туралы пікір білдірген.

Ресейде де халықтың 67 пайызы НАТО ұйымын қауіп деп атап, тек 3 пайызы ғана оны өз елдерін қорғайтын ұйым деп мәлімдесе, халықтың 20 пайызы бұл мәселеге немқұрайдылық танытқан.