Ресей Адам құқығын бақылаушы ұйымның есебіне реакция білдірді
(last modified Wed, 15 Feb 2017 17:15:48 GMT )
Ақп 15, 2017 23:15 Asia/Almaty
  • Ресей Адам құқығын бақылаушы ұйымның есебіне реакция білдірді

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: «Адам құқығын бақылаушы ұйымның Сирияның Алеппо қаласында химиялық қару қолданылу туралы есебі осы ұйымның беделіне нұқсан келтіреді» деп мәлімдеді.

“Summariya News” хабар арнасының мәлімдеуі бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Игорь Конашенков сейсенбі күнгі мәлімдемеде: «Адам құқығын бақылаушы ұйымның Сириядағы химиялық шабуылдар жөніндегі есебі ешқашан кім екені айтылмайтын әлеуметтік базалар мен куәгерлердің айтқандарына негізделіп, жарияланды. Осы есептердің жариялану негізі туралы күдік ұйымның беделіне нұқсан келтіреді» деді.

Адам құқығын бақылаушы ұйым бұдан бұрын есеп жариялап: «Сирияның үкіметтік күштері лаңкестердің басқыншылығында болған аймақтарда химиялық қару қолданды» деген уәж айтқан болатын.

Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымы осы есепке әлі ешқандай реакция білдірген жоқ.

Сирия мен Ресей соғыста химиялық қару қолдануды талай рет теріске шығарды.

Осы есептің шынайылығына қатысты күдік- күмәнның болғанына қарамастан, Франция үкіметі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінен Сирияның жүйесіне қарсы қарар қабылдап, сақтандыру шарасын қолдануды сұрады.