Гэллап институты: Трамптың танымалдығы тарихи орташа көрсеткіштен 21 пайызға төмен
(last modified Sat, 18 Feb 2017 08:21:33 GMT )
Ақп 18, 2017 14:21 Asia/Almaty
  • Гэллап институты: Трамптың танымалдығы тарихи орташа көрсеткіштен 21 пайызға төмен

Гэллап институтының статистикасына сәйкес, Дональд Трамптың АҚШ халқы арасындағы танымалдығы ақпан айының бірінен қызметіне кіріскен бұл елдің бұған дейінгі президенттерінің танымалдығының орташа көрсеткішінен 21 пайызға кем.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Гэллап институтының жұма күнгі жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, бүгінге дейін АҚШ президенттерінің халық арасындағы ақпан айында тіркелген танымалдық көрсеткіші 61 пайызды құраса, Трамп халықтың тек 40 пайызының қолдауына ие болған.

Гэллап институты сондай-ақ Трамптың Ақ үйге келуіндегі 45 пайыздық  танымалдығымен, билігінің басталған сәтінде АҚШ халқының көпшілігі арасында танымалдыққа ие болмаған жалғыз президент екендігіне сілтеме жасады.