Трамп ақпарат құралдарын АҚШ халқының дұшпаны деп атады
(last modified Sat, 18 Feb 2017 16:46:05 GMT )
Ақп 18, 2017 22:46 Asia/Almaty
  • Трамп ақпарат құралдарын АҚШ халқының дұшпаны деп атады

АҚШ президенті Twitter-дегі өз парақшасында ақпарат құралдарына қарсы жаңа шабуылдарының бірінде оларды АҚШ халқының дұшпаны деп атады.

The New York Times газетінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында: "New York Times, NBC News, ABC, CBS, CNN арналары менің емес, АҚШ халқының дұшпандары" деп жазған.

Трамп бұдан бұрын да ақпарат құралдарын өз үкіметіне қарсы оппозиция деп атаған болатын. Сайлауалды бәсекелестіктері кезінен бері америкалық ақпарат құралдарымен жанжалдасып келе жатқан АҚШ президенті Ақ үйге кіргеннен кейін де өзінің бұрынғы жауластығын жалғастырып отыр.

Трамп өткен бейсенбі күні бір ақпарат отырысында CNN арнасын сынға алып, оны өшпенділікке толы деп сипаттаумен қатар, бұл арнаның барлық мамандарының оған қарсы сөйлейтінін айтты. Трамптың Twitter-дегі соңғы жазбасы америкалық ақпарат құралдарымен жанжалының шиеленісе түскенін көрсетеді.

Тарихшылардың пікірінше, Трамп пен АҚШ-тың бұрынғы президенті Ричард Никсонның арасында көптеген ұқсастық бар. Никсон да 1972 жылы өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Генри Киссинджерге айтқан сөзінде ақпарат құралдарын дұшпан деп атаған болатын.