Зариф: Иран Еуропаның сенімді сауда серіктесі болып табылады
(last modified Tue, 21 Feb 2017 06:38:20 GMT )
Ақп 21, 2017 12:38 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Еуропаның сенімді сауда серіктесі болып табылады

ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Мюнхенде Германияның үлкен компаниялары мен одақтары басшыларының қатысуымен өткен экономикалық отырыста Иранның экономикалық дипломатиясының негіздері мен әртүрлі салалардағы ірі жобаларын баяндады.

Мұхаммад Джавад Зариф отырыста Иран мен Германияның тарихи серіктестігін қуаттап: «Иран халқы елдің Германиямен ынтымақтастықтары туралы жақсы естеліктерге ие. Мұндай жағдай Германия халқынан да байқалады. Еуропа еш уақытта Иранмен экономикалық-сауда ынтымақтастықтардан зиян көрген жоқ. Тіпті, санкциялар кезінде де Иран еуропалық үкіметтік және жеке компаниялардың алдындағы өз міндеттемелерін орындап, Еуропа, соның ішінде Германия үшін сенімді сауда серіктесі болды. Келешекте де серіктес болып қалады»,- деді.

Зариф шетелдік инвестицияның тәуекелі туралы қойылған сұраққа: «Иран қауіпсіздік пен экономика салаларында халыққа сүйеніп, өзінің дамуы мен қауіпсіздігін шекараларының сыртынан іздемейді. Сондықтан аймақтың басқа елдеріне қарағанда экономикалық ынтымақтастық саласында ең төмен тәуекелге ие»,- деп жауап берді.

 

 

Тегтер