Ресей: "Хезболла" Ливанның саяси құрылымының бір бөлігі болып табылады
(last modified Tue, 21 Feb 2017 17:20:38 GMT )
Ақп 21, 2017 23:20 Asia/Almaty
  • Ресей:

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары "Хезболланың" Ливанның саяси құрылымының бір бөлігі екенін айтып, оны лаңкестік топтардың тізіміне қосуға болмайды деді.

Олег Сыромолотов сионистік «The Jerusalem Post» ақпарат торабына берген сұхбатында Американың Ливан Хезболласын лаңкестік топтар тізіміне қосу әрекетіне наразылық танытып: «Ливан Хезболласын мүлдем лаңкестік топтардың тізіміне қосуға болмайды, өйткені бұл қозғалыс осы ел Парламентінің бір бөлігі болып табылады әрі Ливан халқының қолдауына ие» деді.