АҚШ президентінің миграцияға қатысты жаңа жарлығын жариялау кейінге қалдырылды
АҚШ президенті негізінен мұсылман жеті елдің азаматтары үшін Америкаға көшу мен сапар шегуге тыйым салу туралы өзінің жаңа жарлығын жариялауды кейінге қалдырды.
«Blumberg» интернет торабы: «АҚШ президенті Дональд Трамп бұрын заңды жайттар оны күшіне енгізуге кедергі болған миграциялық жарлықтың түзетілген нұсқасын осы аптада жариялайтынын айтқан болатын» деп жазды.
Трамп өткен бейсенбі күні өзі өте жаман шешім санайтын жаңа жарлықты қайтадан жазатынын мәлімдеді.
Трамптың үкіметі сейсенбі күні заңды құжаттары жоқ мигранттарды көбірек басып-жаншу үшін жаңа ережелерді жариялады. Көші-қон саласы басшыларының айтуынша, осы ережелер көптеген адамдардың сот алдына келмей, елден шығарылуына соқтырады.
Ережелер сондай- ақ айыпталған немесе әзірше айыпталмаған, бірақ қауіпті деп танылған мигранттарды нысанаға алады.
Трамп қол қойған алғашқы жарлық Сирия, Иран, Ирак, Йемен, Сомали, Ливия және Судан елінің азаматтарына 90 күнге дейін Америкаға кіруіне тыйым салған болатын.
Қаңтар айының 27- сі күні қабылданған Трамптың миграцияға қатысты жарлығы Сиэтлдегі федералдық сот тарапынан тоқтатылды.