Шариф: Иранның зымырандық сынақтары үйлесімді де жүйелі бағдарламаға ие
Ақп 26, 2017 15:07 Asia/Almaty
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен қарым-қатынас бөлімінің басшысы: "ИИР-ның барлық зымырандық сынақтары үйлесімді де жүйелі бағдарлама негізінде іске асуда",- деп мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен қарым-қатынас бөлімінің басшысы бригада генералы Рамазан Шариф сенбі күні өткен баспасөз отырысында дұшпандардың Ислам Республикасына соққы беру үшін кез-келген құралды пайдаланып, зымырандық сынақтар туралы өтірік жаңалықтарды таратадындығына сілтеме жасап: "Иранның қорғаныстық бағдарламалары ешқашан ерекше уақыт пен мекендік шарттарға бағынбайды.
Иранның зымырандық сынақтарының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына еш қатысы жоқ. Сынақтар бағдарламаның шарттарын бұзбайды",- деді.
Бригада генералы сардар Рамазан Шариф Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы міндетінің революция мен оның жетістіктерін қорғау болып табылатынын баса айтып: "Сақшылар корпусының соңғы жылдардағы дұшпанның қауіп-қатерлеріне қарсы ақылға салынған, ойластырылған және дер уақытында жүзеге асырған әрекеттері дұшпандардың өшпенділігінің негізгі дәлелі саналады",- деді.
Иранның зымырандық сынақтарының сәтті өтуі Исламдық Иран дұшпандарының, әсіресе АҚШ-тың ашу-ызасын келтірді.
Тегтер