Ресейдің Еуропаға экспорттайтын газының бағасы қымбаттайды
(last modified Tue, 28 Feb 2017 16:01:26 GMT )
Ақп 28, 2017 22:01 Asia/Almaty
  • Ресейдің Еуропаға экспорттайтын газының бағасы қымбаттайды

Ресейдің "Газпром" компаниясы Еуропаға экспорттайтын газының бағасының қымбаттайтынын мәлімдеді.

Ресейдің "Газпром" компаниясы басшысының орынбасары Александр Медведев осы елдің Еуропаға экспорттайтын газының бағасын биыл 10 пайызға көтеретінін мәлімдеп: «Ресейдің Еуропаға экспорттайтын газының орташа бағасы әр текше метр үшін 180- 190 доллар болады. Ресейдің еуропалық елдерге газ сатылымы 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға ұлғайды» деді.

Ресейдің "Газпром" компаниясы басшысының орынбасары Ресейдің газ экспортты үшін Еуропаның маңыздылығына сілтеме жасап: «Ресей Еуропаның газ нарығының 34 пайызын иемденіп отыр. Осы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда артты» деді.

Ресейдің еуропалық елдерге экспорттық газының бағасы 2016 жылы әр текше метр үшін 167 доллар еді. Қазірге дейін әзірше баға өзгермеген.

Өткен жылдың маусым айына дейін Ресей Еуропаға әр мың текше метр газды 200 долларға экспорттайтын. Әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырауына байланысты Ресей оның бағасын төмендетті.

Ресей өткен жылы Еуропа елдеріне 179 млрд 300 млн текше метр газ экспорттады.