Зариф ЭЫО-ның Жібек жолын жандандырудағы маңызды рөлін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Жібек жолын жандандырудағы маңызды рөлін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф Пәкістанның астанасы Исламабадта ЭЫО-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы өткізілуі аясында: «Қытай президенті Си Цзиньпиннің "Бір жол – бір белбеу" өзегі бойынша байланыс ынтымақтастықтарын күшейту жөніндегі ұсынысы үлкен әрекет болып танылады.
ЭЫО осы өңірде орналасатын ұйым ретінде ынтымақтастық үшін және Қытайдың ұсынысын орындауда кең ауқымды рөл атқара алады.
ЭЫО-на мүше елдердің қызығушылықтары мен ортақ байланыстарын күшейту және елдердің экономикасын дамытуға көмектесу негізінде осы ұйымнан көмек күтеді. Ұйым осы жайттардың барлығына назар аударуы керек» деді.
Иран, Түркия, Пәкістан, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Әзірбайжан республикасы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы ЭКО- ға мүше 10 ел болып табылады.