Рухани: ЭЫО ұйымы Шығыс пен Батыстың әріптестігінің кілті болады
Иран президенті: «Азиядағы жаңадан пайда болған экономикалар әлемдік экономика ағысын Батыстан Шығысқа қарай өзгертеді. Осы өзгеріс 21-ші ғасырды Азияның көшбасшылық дәуіріне айналдырады» деді.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Пәкістанның астанасы Исламабадта Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының 13-ші саммитінде сөйлеген сөзінде: «Әлемнің экономикасының жүрегі қазіргі ғасырдың жартысынан кейін (2017) Азия құрлығында соғатын болады. Экономикалық болжамдар ЭЫО ұйымының аймақтың келешегінде маңызы артатынын көрсетеді.
Әлемдегі бірнеше стратегиялық су өткеліне ие болу, бес маңызды теңізбен көршілестік және әлемнің энергия қорына иелік ЭЫО ұйымы үшін геосаяси жағдай қалыптастырып отыр, өйткені ешбір маршрут Еуропадан Азияға сауда үшін ЭЫО аймағынан тиімдірек және қысқарақ емес» деді.
Иран ЭЫО ұйымының негізін қалаушылардың бірі ретінде ЭЫО-на мүше алты мемлекетпен ортақ шекараға ие болуы мен әлемдегі ең ірі мұнай мен газ қорына иелігі, аймақтық байланыстардың ошағы болуы және ғылым мен технологияның жаңа салаларындағы ғылыми әлеуетімен мүшелер арасындағы байланысты нығайтуда және ЭЫО күшейтуде рөл атқаруға әзір.
Лаңкестік және тәкфирлік идеялар әлем жұртшылығының алдына ортақ қауіп- қатер қойып отыр. Осы сұм құбылысқа тосқауыл қоюдағы үйлесімділік пен ынтымақтастық қажеттілікке айналды. Қауіпсіздікке қатер төніп отырған кезге дейін даму мен гүлдену үшін жарқын келешек болмайды» деді.